city

Конкурстық іріктеуді ұйымдастырушы: «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы.

Ұйымдастырушының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан

облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, 20 ғимарат.

Байланыс телефондары: + 7 778 101 78 24 Е. Келесов.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 08 маусым сағат 18:30-да өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталады. Астана қаласының уақыты бойынша.

Жобаны іске асыру орны: Түркістан облысы.

Жобаның мақсаты мен мәні: көкөніс қоймасы құрылысын салу.

 

Көкөніс қоймасы-көкөністерді сақтауға арналған арнайы жабдықталған бөлме, онда өнімнің балғындығын ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін оңтайлы микроклимат сақталады.

 

Жобаны іске асыру тетігі:

Тараптардың Салымдары:

«Түркістан» ӘКК» АҚ - жер телімі.

Әріптес/Инвестор - жобаны іске асыру үшін қажетті материалдық, қаржылық, еңбек және өзге де ресурстар.

 

Әлеуетті серіктеске қойылатын біліктілік талаптары:

1) әлеуетті әріптес банкроттық, тарату рәсіміне жатпауы немесе оңалту рәсімдерінен өтпеуі тиіс;

2) әлеуетті әріптес өтінім берген сәтте сот талқылауларында тарап болып табылмайды, олар өз кезегінде әлеуетті әріптестің қызметіне, жобаны іске асыруға теріс әсер етуі мүмкін не әлеуетті әріптестің жобаға қатысу үлесі ретінде ұсынылатын мүлікке теріс әсер етуі мүмкін;

3) әлеуетті әріптестің жобаны іске асыру үшін қажетті қаржылық және/немесе материалдық, еңбек ресурстарының болуы (оның ішінде үлестес компанияларда);

4) салықтар және өзге де міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен (өтелмеген) берешектің, сондай-ақ қаржы институттары алдындағы мерзімі өткен (өтелмеген) кредиторлық берешектің болмауы;

5) әлеуетті әріптестің (оның ішінде үлестес компаниялардың) қызметі қаржылық және өзге де есептілікке сәйкес өтінім берілген күннің алдындағы соңғы 2 (екі) жыл ішінде шығынсыз болып табылады. Заңды тұлғаны тіркеу мерзімі 2 (екі) жылдан кем болған жағдайда – қызмет оны тіркеген кезден бастап бүкіл кезең үшін залалсыз болып табылады.

 

Жеңімпазды анықтау критерийлері:

1) «Түркістан» ӘКК» АҚ жобаны іске асырудан ұсынатын кірістілігі, оның ішінде: бірлескен қызмет/жобаны іске асыру нәтижелері бойынша «Түркістан» ӘКК» АҚ үлесінің мөлшері.

2) жобаны іске асыру және «Түркістан» ӘКК» АҚ салымын қайтару мерзімдері.

3) инвестициялық жобаны іске асыру бағытына сәйкес саладағы жұмыс тәжірибесі.

4) жобаны іске асыру үшін меншікті қаражатының болуы.

5) кредиттік ресурстарға қолжетімділіктің болуы.

 

Қосымша 1. Іріктеуге қатысу үшін әлеуетті серіктес  ұсынатын жобаға қажетті құжаттар тізбесі.

Қосымша 2. Өтінім үлгісі.

Қосымша 3. Бизнес-жоспардың ұсынылатын құрылымы.

Егжей-тегжейлі жоспары

 

Анықтама: қажет болған жағдайда қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін.