ӘКК миссиясы – мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарының негізінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.
ӘКК пайымы – активтерді тиімді басқаратын, өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестицияларды тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастыратын катализатор ретінде әрекет ететін r-көпсалалы өңірлік даму институты.
Мақсаты – бизнес-бастамаларды қолдау және өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру.
Міндеттері:
- Өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелерінде) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту.
- Мемлекеттік активтерді іскерлік айналымға тартуды қамтамасыз ету, проблемалық активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту.
- Басым салалардағы кластерлерді дамыту, сондай-ақ өңірлердегі жүйе құрушы және ірі компаниялардың айналасында ШОБ дамыту бойынша серіктестік бағдарламаларды үйлестіру,жаңадан басталатын бизнесті қолдау инфрақұрылымын (бизнес-инкубаторлар, технопарктер, индустриялық аймақтар) дамыту.
- Компания қызметінің шеңберінде бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету.
- Ішкі және сыртқы нарықтарда өнімдерді неғұрлым белсенді ілгерілету үшін өнімдерді брендтеуге жәрдемдесу.
- Перспективалы жобаларды іске асыру үшін өңірлерге отандық және шетелдік инвесторларды, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаттарында тарту, Инвесторларға үлескерлік қаржыландыру, активтермен қатысу, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру алу арқылы жобаларды іске асыруда жәрдемдесу.
- Активтердің құнын ұлғайту және акционерлер белгілеген өзге де міндеттер.