city

ҚҰРМЕТТІ ИНВЕСТОРЛАР!

Түркістан облысы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Аймақ аумағы 116,1 мың км2 құрайды. Облысқа 2 млн.астам адам тұратын, облыстық маңызы бар 3 қала, 13 аудан, 836 елді мекен, 177 кенттік және ауылдық округ кіреді.

Өңірдің негізгі артықшылықтары: тиімді географиялық орналасуы, және логистика потенциалы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің болуы, бай табиғи ресурстары, адами капиталы және еңбекке ақы төлеу шығындарының төмендігі, сондай-ақ АӨК және туризмді дамытудың жоғары әлеуеті болып табылады.

Түркістан тарихи туризмнің алтын бесігі бола отырып, отандық және шетелдік туристер арасында өте танымал.

Көне заманнан бастап рухани астана болып саналған Түркістан жылына миллионнан астам туристерді қабылдай алады.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Түркістанда белсенді түрде құрылыс жүргізілуде. Тек 2019 жылы 9 нысан салынып пайдалануға берілсе, ал 2020 жылы Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік және рухани-мәдени орталықтарында 15 мәдени-әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, қолайлы инвестициялық ахуал құру, сондай — ақ облыстың инвестициялық әлеуетін ұлғайту мақсатында «Түркістан» ӘКК» АҚ негізінде «TURKISTAN INVEST» филиалы - -инвестициялық компаниясы құрылды, ол инвесторларға «бір терезе» қағидасы бойынша, жоба идеясының пайда болуынан бастап оны пайдалануға берумен жобаны аяқтауға дейінгі қажет қызметтердің толық спектрін көрсетеді.

Сіздерді агроөнеркәсіптік кешені құрылыс, туризм және логистика салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамыз.

Толығырақ ақпаратты http://turkistaninvest.com сайттында таба аласыз, сондай-ақ «Partner Office»арнайы бөлімшесінен кеңес алуға болады.

Partner office жетекшісі - Ауешов Айдар Кайратович

Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Құрметпен,

Басқарма Төрайымы
Ж. Нурпеисов

Өтінім беру