«Түркістан қаласында іскерлік ғимарат құрылысы» инвестициялық жобасын бірлесіп іске асыру үшін инвестор – әріптестерді конкурстық іріктеуді (бұдан әрі - Іріктеу) ұйымдастырушы – «Түркістан» ӘКК» АҚ (бұдан әрі – ӘКК), орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы, 34 А.
Негізгі шарттар:
- Қоғам Серіктес компаниямен бірге жобаға іске асыру үшін, Бірлескен жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) құрады.
- жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану (жер учаскелері рәсімделуде).
- салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда, жоба бойынша барлық қаржылық шығындар "Түркістан "әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-мен (ӘКК) бірлесіп қаржыландырылады.
- бірлескен қызмет нысаны жобаның Бизнес - жоспарын ұсыну қорытындылары бойынша айқындалатын болады.
Әлеуетті әріптес – инвесторлардың іріктеуге қатысуға өтінімдері және оларға қоса берілетін құжаттар: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы трассасы, 34а ғимараты, «Алаш» Бизнес-орталығы мекенжайы бойынша Құрылыс бойынша жобаларды әзірлеу және сүйемелдеу департаментінде 2020 жылғы 23 Желтоқсанда 19 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімде (өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі) қабылданады.
Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды мына телефондар арқылы алуға болады: 8(7253) 35-92-95, e-mail: info@spk-turkistan.kz