city

2021 жылдың соңына дейін «Түркістан» ӘКК» АҚ Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 22 көпқабатты үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.

Түркістан облысының орталығында қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі мен қонақтарға ыңғайлы болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Қалада әлеуметтік инфрақұрылым құру, соның ішінде жаңа құрылыстар салу бойынша түрлі жобалар іске асырылуда. Мәселен, Түркістанның жаңа орталығында «Түркістан» ӘКК» АҚ, сонымен қатар тартылған инвесторлардың күшімен құрамына «Арман» және «Сырдария» тұрғын үй кешендері кіретін «Turkistan Jana-qala» тұрғын үй алабын салу жалғасуда.

«Сырдария» ТК құрылысы 2021 жылдың басында аяқталып, ал «Арман» ТК құрылыс алаңында белсенді жұмыстар жүргізілуде. «Арман» ТК бойынша сатуға арналған алаңның жалпы көлемі өткен жылы 280 пәтерге арналған 19 мың м2 тұрғын үй-жайды құрады. 2021 жылдың соңына дейін жалпы ауданы 50 мың м2 асатын 22 үйде орналасқан 780 пәтер пайдалануға беру жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетсек, тұрғын үй кешенінің кейбір үйлерінің бірінші қабаттарында коммерциялық үй – жайлар орналасатын болады, ал оның айналасында халықтың жайлы өмір сүруі үшін қажетті инфрақұрылым құрылады. Көп қабатты үйлердің жанында қалалық балалар ауруханасы, емхана, спорт кешені, музыка мектебі, сондай-ақ балабақшалар мен мектептер салу жоспарда бар.