Бүгінгі таңда халықты жоғары сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру аясында «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның итальяндық Rota Guido технологиясы бойынша 1200 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасын салу жобасы іске асырылуда.
Сүт-тауар фермасын жем-шөп базасымен қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы «Түркістан Агро XXI» ЖШС базасында 1000 га алқапта жаңбырлатып суару жүйелерін қолдана отырып, жем-шөп дақылдарын өсіру бойынша жобаны іске асыру басталды. Жоба аясында 18 бірлік жаңбыр жаудыратын машина орнатылып, 26 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.
2020 жылдың күзінде «Түркістан Агро XXI» ЖШС базасында 463 га алқапта күздік бидай егілді. Қазіргі уақытта егін жинау жұмыстары басталды, онда орташа өнімділік гектарына 30 центнер деңгейінде жоспарлануда.
Егін жинау аяқталғаннан кейін осы учаскеде жаңбырлатқыш машиналардың астында 395 га алаңда тікелей себу әдісімен (NO-TILL) сүрлемге жүгері егу жоспарланған. Егістің бұл әдісі топыраққа минималды әсер етеді, өйткені ол топырақта болатын табиғи процестерге зиян тигізбейді, сонымен қатар жерді өңдеу мен жемшөп дақылдарын егу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Сүрлемге жүгері жинау ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына жоспарланған, алынған өнім азық-түлік базасы ретінде сүт фермасына жіберіледі.
Айта кету керек, 1200 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасын салу сүт және сүт өнімдерінің сапасын және көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Болашақта жоба облыс орталығын жыл сайын көбірек туристерді тартатын сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.