- Штат саны: 6 адам
- Жобаның атауы: «Қасқасу»туристік-рекреациялық орталықтың тау-кен инфрақұрылымын салу
- Жобаның құны: 42,8 млрд. теңге
Мақсаты және құрылу кезеңі:
2019 жылғы 20 қарашада Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылға дейінгі бекітілген Кешенді жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №938 Қаулысы) аясында және Түркістан облысы әкімінің м.а. Қ. Айтмұхаметовтың (13.08.2019 жылғы№02-1193 қ/Ш) тапсырмасын орындау мақсатында, басқарма және директорлар Кеңесінің шешімімен (5.11.2019 жылғы) "Kaskasu Resort" ЖШС (бұдан әрі-серіктестік) жарғылық капиталы 200 000 теңге болатын 49% үлесін сатып
Жобаның мақсаты-Қазақстанда туристік секторды дамыту үшін халықаралық деңгейдегі туристік-рекреациялық орталық құру. Жергілікті және шетелдік тау шаңғышылары үшін қолайлы жағдайлар жасау, кешен инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін инвесторлар тарту, бұл бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, тұтастай алғанда Түркістан облысы мен Қазақстан экономикасын дамытудың оң мультипликативті әсерін көрсетуге мүмкіндік береді. Жоба Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Қасқасу шатқалында (Шымкент қаласынан 65 км) жыл бойы тау кешенін құру болып табылады. Жобаның тұжырымдамасы 34,3 км шаңғы трассаларын жайғастыруды және тау баурайларын 8 көтергішпен жабдықтауды көздейді. Тау баурайларында сырғанайтындардың ең көп бір реттік саны 5 000 адамды құрайды.
2020 жылғы 20 наурызда, "Түркістан "ӘКК" АҚ Директорлар кеңесінің шешімі мен "Kaskasu Resort" ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, жобалық құжаттаманы әзірлеуге қоғам қатысушылардың үлесін сақтай отырып және серіктестіктің жарғылық капиталын 812 914 404 теңгеге дейін ұлғайта отырып, серіктестіктің жарғылық капиталына 398 230 058 теңге мөлшерінде төлем енгізді.