Мақсаты және құрылу кезеңі:
"Оңтүстік "ӘКК "ҰК" АҚ (бұдан әрі - қоғам) Инвестициялық комитеті отырысының 17.10.2008 жылғы №7 хаттамасына сәйкес отырысқа қатысушылардың жалпы дауыс беруі бойынша Қоғамның Түркістан облысының Арыс ауданындағы алаңда орналасқан құмды барлау және өндіру жөніндегі жобаны "Сайрам Транс" ЖШС-мен бірлесіп іске асыруға қатысуын мақұлдау туралы шешім қабылданды.
Серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады және серіктестік қызметінің негізгі мақсаты табыс табу болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін серіктестік мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу;
- Құрылыс құмын өндіру және шығару;
- Жаңа өндірістік цехтар ашу және шығарылатын өнімді сату;
- Автокөлік қызметтері;
- Қосалқы бөлшектерді жөндеу және дайындау;
- Халыққа техникалық қызмет көрсету;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.