- Штат саны: 16 адам
- Жобаның атауы: Жаңбырлатып суару жүйесін қолдана отырып, 1000 га алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және қызмет көрсету үшін машина-трактор станциясын құру және оның қызметін ұйымдастыру
- Жобаның құны: 1 891,6 млн. теңге
Құру кезеңі мен мақсаты:
"Түркістан Агро XXI" ЖШС - 25%, бұл 100 млн.теңгені құрайды – "жаңбырлатып суару жүйесін қолдана отырып, 1000 га алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және қызмет көрсету үшін машина-трактор станциясын құру және қызметін ұйымдастыру"жобасын іске асыру шеңберінде құрылды.
Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мақсатында бірқатар зәкірлі жобаларды, оның ішінде жаңбырлатып суару жүйесін қолдана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және қызмет көрсету үшін машина-трактор станциясын құру және қызметін ұйымдастыру жөніндегі жобаны (жоба) қамтитын Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру туралы шешім қабылданды.
Осы жобаның тұжырымдамасы 1 000 га (733 га жаңбырлатып суару жүйесін қолдана отырып) алаңда мал азығы ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәндік жүгері, сүрлемдік жүгері, жоңышқа және бидай) өсіру бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорнын құруды, құрылатын машина-трактор станциясының қызметін көрсетуді, сондай-ақ 600 ІҚМ басына арналған сүт-тауар фермасын салуды, кейіннен 1200 ІҚМ басына дейін ұлғайтуды көздейді.
Жоба аясында тиісті қаржы-экономикалық негіздеме (ҚЭН) бекітілді, сондай-ақ Түркістан облысы әкімдігінің 21.05.20 ж. №100 қаулысы негізінде "Түркістан "ӘКК" АҚ оны іске асыруға 2 500,0 млн. теңге сомасында қаржы қаражаты бөлінді.
Бүгінгі күні келесі жұмыстар жүргізілді:
- 1000 га алаңда суару алқабы анықталды (оның ішінде 733 га суарудың жаңбырлы жүйесін қолдана отырып));
- бірлескен қызмет туралы шарттар жасалды, оның шеңберінде 91 жер учаскесі біріктірілді;
- жаңбырлатқыш жүйелер инфрақұрылымының құрылысы аяқталды
18 жаңбырлы машинаға; - "ҚазАгроҚаржы" АҚ мен "Түркістан Агро XXI" ЖШС арасында жалпы сомасы 1 109 млн. теңге, 14 жаңбырлатқыш машиналар мен 26 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға қаржы лизингі шарты жасалды;
- 4 жаңбырлатқыш машиналар сатып алынды және орнатылды.
Және 10 бірлік а / ш техникасы (16 бірлік жеткізу 01.06.2020 жылға дейін жоспарлануда).