Жалпы ақпарат, білімі
1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыагаш қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары: Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің құқықтану мамандығын бітірген, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің экономист бакалавры.
Мансап
Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің жетекші маманы болып бастаған.
2005 - 2022 жылдары аралығында ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің № 2 бақылау іс-шараларын орындау басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Мемлекеттік сатып алу саласындағы бақылау басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің № 5 бақылау басқармасының бастығы, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің директоры, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Кадрлар және ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары, "ҚTЖ" ҰК" АҚ сатып алуды үйлестіру және мониторинг департаментінің директоры, Түркістан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысы лауазымдарын атқарған. 2024 жылдың ақпан айынан бастап Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы.
2024 жылдың 30 сәуірінен бастап "Түркістан" ӘКК " АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.