city
Матиева Жадыра
Алмасбековна
Директорлар кеңесінің мүшесі

 1981 жылы 15 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген, білімі жоғары, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген6 "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша.

Еңбек жолын 2002 жылы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ бөлшек бизнес бөлімінің маманы болып бастады, "Қазпошта" АҚ бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы, "Альянс Банк"АҚ шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеу бөлімінің жетекші маманы, Корпоративтік бизнесті кредиттеу бөлімінің бас маманы, "Орда Капитал "Басқарушы компаниясы" АҚ тәуекелдерді басқару бөлімінің бастығы,  "Арнур-кредит" МКО" ЖШС Ішкі аудит қызметінің басшысы қызметтерін атқарған. 2014 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ Шымкент қаласындағы филиалының кредиттік серіктестіктермен жұмыс жасау бөлімінің бастығы.

2023 жылдың қараша айынан бастап "Түркістан" ӘКК" АҚ  Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.