1977 жылы 21 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары.
Бірінші жоғары білімін Алматы қаласының ҚазҰУ-да халықаралық құқық мамандығы бойынша алды. Екінші жоғары білім - Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Халықаралық бизнес мектебі Швейцария бизнес мектебімен бірлесіп МВА-ның "Халықаралық қаржы және банк құқығы" қос дипломды бағдарламасы бойынша. Сондай-ақ, Астана қаласындағы "Самұрық-Қазына "Корпоративтік университеті өткізетін" Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ корпоративтік хатшыларының сертификаттауынан өтті, Дьюк құқық университетінде және Гонконг құқық факультетінің Азия-Америка мемлекетаралық құқық институтында курс өтті, сертификаттары бар.
Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Әділет Министрлігі жанындағы Зияткерлік меншік құқықтары комитеті Ұлттық зияткерлік меншік институтының тауар белгілері және өнеркәсіптік үлгілері бөлімінің аға сарапшысы болып бастаған, "Альянс Банк" АҚ Корпоративтік хатшы қызметінің басшысы, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Корпоративтік хатшысы, "Қазақстан қор биржасы" АҚ заң бөлімінің бастығы, "Yildirim Holding Kazakhstan" ЖШС ТМД және Қазақстан Республикасы елдері бойынша заң кеңесшісі. 2021 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін -"Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті" мекемесінің аппарат басшысы, жауапты хатшысы қызметін атқарады.
2023 жылдың қараша айынан бастап "Түркістан" ӘКК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.