1991 жылы 19 қазанда дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, агрономия бакалавры.
Еңбек жолын 2014 жылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының операторы болып бастады, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының механикаландыру бөлімінің жетекші маманы, механикаландыру бөлімінің бас маманы, МТС кооперация және даму бөлімінің бас маманы, өсімдік шаруашылығы мен механикаландыруды дамыту бөлімінің бас маманы, өсімдік шаруашылығы мен механикаландыруды дамыту бөлімінің басшысы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2023 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін - Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.
2023 жылдың қараша айынан бастап "Түркістан" ӘКК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.