Бекжан Бисенбаев 1983 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеттің экономика факультетін тәмамдаған. Сонымен қатар, Қазақстан-Британ техникалық университетінде Executive MBA (EMBA) дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2004 жылы «NRG Products» ЖШС-де қаржы директоры қызметінен бастаған. 2006–2008 жылдары «Karamai Plus» ЖШС-де қаржы жөніндегі директордың орынбасары болған. 2008–2024 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.