city

"Түркістан қаласының жаңа тұрғын алабында көп қабатты тұрғын үйлер салу" инвестициялық жобасын бірлесіп іске асыру үшін инвестор – әріптестерді конкурстық іріктеуді (бұдан әрі - іріктеу) ұйымдастырушы - "Түркістан "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ӘКК), орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы трассасы, 34 А ғимарат.

Әлеуетті серіктес – инвесторлардың іріктеуге қатысуға өтінімдері және оларға қоса берілетін құжаттар Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы трассасы, 34 А ғимараты, 1-ші қабат, мекен-жайы бойынша 2020 жылғы 06 маусым сағат             19-00-ге дейін (өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі) «Құрылыс бойынша жобаларды әзірлеу және сүйемелдеу департаментінде» қабылданады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (72533) 5-92-95

Толық ақпаратты жүктеу