city

Конкурстық іріктеуді ұйымдастырушы:

«Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»  акционерлік қоғамы.

Ұйымдастырушының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан.

облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, 20 ғимарат.

Байланыс телефондары: + 7 747 894 48 66 Б. Қалыбекұлы, +7 707 900 77 79 Утепбергенов А. Ж.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 29 маусым сағат 19: 00-де өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталады. Нұрсұлтан қаласының уақыты бойынша.

Жобаны іске асыру орны: Түркістан облысы, Түркістан қаласы.

Жобаның мақсаты мен мәні: «Жайлығы 3-ші сыныптан кем болмайтын көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы».

Инвестор тарапынан жобаға қажетті қатысу: Жобаның негізгі мақсаты егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, инвестор есебінен тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, құрылысын жүргізу және пайдалануға тапсыру.

Жер учаскесі: лот №11 – 0,1034 га, лот №12 – 0,1306 га, лот №16 – 0,1309 га, лот №17- 0,1306 га, лот №18 – 0,1033 га, лот №19 – 0,1034 га, лот №20 – 0,1034 га, лот №21 – 0,1059 га, лот №22 – 0,0795 га, лот №23 – 0,0795 га, лот №24 – 0,0508 га, лот №25 – 0,0283 га, лот №26 – 0,0508 га, лот №27 – 0,0635 га, лот №28 – 0,0636 га, лот №29 – 0,0636 га, лот №30 – 0,0,0634 га,  лот №31 –0,0634 га                        

Ескертпе: шектеулер бар - бір серіктеске/инвесторға шарттық қатынастарды жасасу үшін бір сектордың 5-тен аспайтын жер учаскесі (лот) көзделеді. Бірыңғай сәулеттік стильде бірнеше тұрғын үйден тұратын тұрғын үй кешенін салуды жүзеге асыру ниеті болған жағдайда бірлескен қызмет туралы шарт (консорциум, жай серіктестік) негізінде инвесторлар бірлестігінен конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім беруге болады. Инвесторлар бірлестігі жер учаскелерінің санына бірлестік мүшелерінің санына барабар өтінім беруге құқылы.

 

Жобаны іске асыру тетігі:

Тараптардың Салымдары:

«Түркістан» ӘКК» АҚ - жер телімдері.

Әріптес/Инвестор - жобаны іске асыру үшін қажетті материалдық, қаржылық, еңбек және өзге де ресурстар.

 

Әлеуетті серіктеске қойылатын біліктілік талаптары:

1) әлеуетті әріптес банкроттық, тарату рәсіміне жатпауы немесе оңалту рәсімдерінен өтпеуі тиіс;

2) әлеуетті әріптес өтінім берген сәтте сот талқылауларында тарап болып табылмайды, олар өз кезегінде әлеуетті әріптестің қызметіне, жобаны іске асыруға теріс әсер етуі мүмкін не әлеуетті әріптестің жобаға қатысу үлесі ретінде ұсынылатын мүлікке теріс әсер етуі мүмкін;

3) әлеуетті әріптестің жобаны іске асыру үшін қажетті қаржылық және/немесе материалдық, еңбек ресурстарының болуы (оның ішінде үлестес компанияларда);

4) салықтар және өзге де міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен (өтелмеген) берешектің, сондай-ақ қаржы институттары алдындағы мерзімі өткен (өтелмеген) кредиторлық берешектің болмауы;

5) әлеуетті әріптестің (оның ішінде үлестес компаниялардың) қызметі қаржылық және өзге де есептілікке сәйкес өтінім берілген күннің алдындағы соңғы 2 (екі) жыл ішінде шығынсыз болып табылады. Заңды тұлғаны тіркеу мерзімі 2 (екі) жылдан кем болған жағдайда – қызмет оны тіркеген кезден бастап бүкіл кезең үшін залалсыз болып табылады.

 

Жеңімпазды анықтау критерийлері:

1) «Түркістан» ӘКК» АҚ жобаны іске асырудан ұсынатын кірістілігі, оның ішінде: бірлескен қызмет/жобаны іске асыру нәтижелері бойынша «Түркістан» ӘКК» АҚ үлесінің мөлшері.

2) жобаны іске асыру және «Түркістан» ӘКК» АҚ салымын қайтару мерзімдері.

3) инвестициялық жобаны іске асыру бағытына сәйкес саладағы жұмыс тәжірибесі.

4) жобаны іске асыру үшін меншікті қаражатының болуы.

5) кредиттік ресурстарға қолжетімділіктің болуы.

 

Қосымша 1. Іріктеуге қатысу үшін әлеуетті серіктес  ұсынатын жобаға қажетті құжаттар тізбесі.

Қосымша 2. Өтінім үлгісі.

Қосымша 3. Бизнес-жоспардың ұсынылатын құрылымы.

Егжей-тегжейлі жоспары

 

Анықтама: қажет болған жағдайда қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін.

 

Толық ақпаратты жүктеу

Орналасу схемасын жүктеу