«Түркістан» ӘКК» АҚ келесі жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурстық іріктеу өткізілетіні туралы хабарлайды:
1) Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі, 183 квартал, 961 телім, жалпы ауданы 81,45 га, 16 лотқа бөлінген (экспликация №1).
2) Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі, 183 квартал, 945 телім, жалпы ауданы 32,1 га, 6 лотқа бөлінген (экспликация №2).
3) Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі, 183 квартал, 945 телім, жалпы ауданы 21 га, 4 лотқа бөлінген (экспликация №3).
4) Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылдық округі, 092 квартал, 114 телім, жалпы ауданы 140 га, 5 лотқа бөлінген (экспликация №4).
Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары толық ақпаратта көрсетілген.
Әлеуетті серіктестердің/инвесторлардың конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдері мөрленген конвертте, осы хабарламаға сәйкес нысан бойынша, мынадай мекенжайлар бойынша қабылданады:
1) «Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ Түркістан облысы Қазығұрт ауданы бойынша филиалы. Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Қазығұрт ауылдық округі, Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі, 75-үй;
2) Түркістан облысы Келес ауданы бойынша «Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ филиалы. Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауылдық округі, Абай ауылы, М. Артиков көшесі, 225-үй;
3) «Түркістан» ӘКК» АҚ, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы, 34 а, «АЛАШ» бизнес орталығының ғимараты, 1 - қабат, Портфельдік активтерді басқару департаменті.
Конкурстың қорытындылары қоғамның ресми интернет-ресурсында конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жарияланады.
Конкурсқа қатысты қосымша ақпарат пен түсініктемелерді телефон арқылы алуға болады:
байланыс телефоны: + 7 775 511 40 40.
e-mail: orynbek.b@spk-turkistan.kz.