city
Жобаның санаты: Іске асырылатын
Жобаның құны: 3533100000
Іске асыру мекен жайы: Кентау қ., Шаға а/о (Түркістан-әуежай автомобиль жолының бойында)
Инвестор: 552,7 млн. тг (өз қаражаты)
Қатысушылар: «TURKISTAN FRUIT» ЖШС (Бірлескен кәсіпорын) «Түркістан» ӘКК» АҚ – 0,49%, «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС – 99,59%

Жобаның жалпы құны: 3 533,1 млн.тг.

«Түркістан» ӘКК» АҚ инвестиция көлемі: 1 000,0 млн. тг (бюджеттік кепілдік қарыз)

Инвестор / серіктес:  825,6 млн. тг (өз қаражаты)

Қаржы институты кредит/лизинг:  1 980,5 млн. тг («АКК» АҚ»)

Жобаның мақсаты:  Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту, сондай-ақ Түркістан қаласын сапалы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету

Қатысушылар:  «TURKISTAN FRUIT» ЖШС (Бірлескен кәсіпорын) «Түркістан «ӘКК» АҚ - 0,49%, «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС - 99,59%

Жобаның бірегейлігі:  400 га алқапта тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып, орташа мөлшердегі қара өрік бақшасын өсіру бойынша кәсіпорын қызметін құру және ұйымдастыру.болжамды бақтар аумағында 220 000 қара өрік көшеттері отырғызылатын болады (отырғызу схемасы 5*3). Бұл көшеттер отырғызу кезінде 1 жыл болады. Бақша израильдік технологиядағы тамшылатып суару жүйесімен, ұңғымалары бар сорғы станцияларымен және суаруға арналған су жинақтағыш резервуарлармен жабдықталады. Жобаның инфрақұрылымы қажетті тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын сақтауға арналған үй-жайларды, бақшаны өңдеу техникасы мен жабдықтарын, тұрмыстық үй-жайларды және объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылымды қамтиды. Бөлінген алаңда жұмыс жүргізуге және бақшаға қызмет көрсетуге ыңғайлы болу үшін Жолдар салу жоспарлануда. Қолайлы климаттық жағдайда көшет отырғызғаннан кейінгі үшінші жылдан бастап 7 жылға дейін 1 га бақшадан жоспарланған минималды өнімділік 3-тен 20 тоннаға дейін. Өрік өсіру бойынша толық өндірістік қуатқа шығу 7 жастан кейін көшеттер мен жас ағаштарға жоспарлануда. Осы типтегі бақтарды пайдалану ұзақтығы 25 жылдан жоғары.

Жобаның техникалық сипаттамалары:  отырғызу схемасы – 5х3; суармалы судың қажеттілігі – тәулігіне 9 000 м3; суару уақыты – 7 ай; суару түрі – тамшылатып; тамшылау желісінің ұзындығы: қатараралық тамшылатқыштар – 619,74 км; жеткізу желілері – 29,3 км; оның ішінде: 250 га – 451,4 км қатараралық тамшылатқыштар, жеткізу трассасының 21 км; 150 га – 168,34 км қатараралық тамшылатқыштар, жеткізу жолының 8,3 км; периметр бойынша жолдың ұзындығы – жолдың ені 6 метр 20,2 км; орамаралық жолдардың жалпы ұзындығы – 31,06 км, жолдың ені 5 метр; Жинағыш резервуарлар саны-7 су сыйымдылығы-15 000 м3 (көлемі 100х40х4,5) жалпы сыйымдылығы 105 000 м3; сыйымдылығы қосымша тоған жинақтағыш – 75 000 м3 (көлемі 104х204х4,5); жолдарға ҚҚҚ (қиыршық-құм қоспасы) қажеттілігі – 30 000 м3; ұңғымалар саны – 23 оның ішінде: резервуарларды жинақтауға 21, шаруашылық үшін 2. сақтау технологиясын қолдана отырып, сыйымдылығы 10 000 тонна жеміс сақтау қоймасы, қуаты 8 тонна/сағ сұрыптау желісі, жеміс өңдеу цехы;

Өрік сорттары:  Formosa, Santa Rosa, Papaz, Can, Climax, Red Heart.

Жер мәселесі: «TURKISTAN FRUIT» ЖШС бірлескен кәсіпорны тарапынан 400 га жер учаскелеріне құқық алынды (2020 жылғы 27 қарашадағы №438 қаулы).

Қаржыландыру мәселесі: «Түркістан» ӘКК» АҚ-нан 1 000 млн.теңге сомасында кепілдік кредит алынды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ – нан 1 487,8 млн.теңге сомасына қосымша қаржыландыру жоспарлануда, сондай-ақ Лизинг 492,7 мың теңге.

Жобалау алдындағы құжаттама: «Инженерные системы-А» ЖШС компаниясы жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірледі және бекітті. «Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ 05.11.2020 ж. №137 – н/қ бұйрығымен қаржы - экономикалық негіздемесі әзірленіп, бекітілді.

Дала жұмыстары: бүгінгі күні дала жолдарының ішін тегістеу және учаске аумағын қоршау (400 га), электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілді, уақытша құрылыстар орнатылды, көшеттер отырғызуға жерді дайындау, МӨҚ периметрлі және орамішілік жолдарды толтыру бойынша жұмыстар аяқталды, трансформаторлар орнатылды, 7 резервуар тұрғызылды, тамшылатып суару жабдығы (сорғы станциялары, шахталар, сүзу станциялары) орнатылды. Ұңғымаларды бұрғылау және көшеттерді отырғызу бойынша жұмыстар жүргізілуде (жалпы саны 21 ұңғыма, оның ішінде 20 ұңғыма дайындалды, 1-еуі бұрғылау сатысында).

Ескерту: алдағы уақытта 10 мың тонна жеміс сақтау қоймасын, 8 тонна/сағ сұрыптау желісін, тікелей сығылған шырын салу арқылы жобаны кеңейту жоспарлануда.