Жобаның мәртебесі - 2019-2020 жылдары 12 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Пәтерлер саны 456 дананы құрады, жалпы көлемі 31 872, 12 шаршы метр.
Жобаның мақсаты: «Арман» тұрғын үй кешенінің мақсаты - Түркістан қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету, сонымен қатар тұрғын үй құрылысына инвестиция тарту.
Жобаны дамыту бағыты/Жобаның міндеттері: Жобаға сәйкес «Түркістан жаңа-қала» ықшамауданында 2-ші және 3-ші сыныпты жайлықтағы бес қабатты 29 тұрғын үй құрылысын салу қарастырылған.
2022 жылы 15 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда.