Жобаның мақсаты – кәсiпкерлiк субъектiлерiн кейiннен орналастыру үшiн ыңғайлы кiрме жолдарды қоса алғанда, дамыған инженерлiк және көлiк инфрақұрылымын қамтамасыз ететiн, жайлылық пен функционалдық бойынша қазiргi заманғы талаптарға жауап беретiн өндiрiстiк ғимараттарды құру.
2024–2025 жылдары 16 өндірістік ғимарат пайдалануға берілді. Көрсетілген аумақтарда келесі өндіріс орындары орналасқан:
- суды үнемдейтін технологияларды, жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін, ауыл шаруашылығы тракторларын және сэндвич-панельдерді өндіру;
- мектеп жиһаздарын, медициналық және кеңсе жиһаздарын өндіру;
- өнеркәсіптік тоңазытқыштар өндірісі;
- тамшылатып суару жүйелерін өндіру;
- ішкі есіктерді өндіру;
- медициналық техника өндірісі;
- сусыздандырылған көкөністерді өндіру;
- ауылшаруашылық дрондарын өндірісі;
- инженерлік жабдықтар өндірісі;
- электромагниттік шығын өлшегіштерді құрастыру;
- өнеркәсіптік суды өшіру клапандарын өндірісі;
- кептірілген жемістер мен кептірілген көкөністер өндірісі.