city
Жобаның санаты: Іске асырылатын
Жобаның құны: 120000000
Жобаны бастаушы/өтініш беруші: АҚ "ӘКК "Түркістан"
Іске асыру мекен жайы: Гүлдер саябағы, шағын Арбат, Н.Назарбаев атындағы аллеясы.
Жобаны қаржыландыру көздері, Қоғамның қатысу мөлшері: АҚ "ӘКК "Түркістан" жобаға жер учаскелерімен кіруде; Серіктес – кофеханалар құрылысы, франшиза енгізу, жабдықтандыру, еңбек ресурсы, басқару, техникалық материалдар.
Масштаб / қуат, жоба компоненттері: Алаңы – 500 шаршы м.
Жобаны дамыту бағыттары: туристер, келушілер мен қала тұрғындары үшін жайлы кофе-мейрамхана құру
Қатысушылар: Әлеуетті серіктес-инвестор (анықталуда); АҚ "ӘКК "Түркістан"

Жобаның мақсаты: Түркістан қаласында алаңы кем дегенде 500-1000 ш. м. кофейня салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру. Кофейня Түркістан қаласындағы халыққа, келушілер мен туристерге қызмет көрсету, тамақтану мақсатында құрылады. Қазіргі уақытта "Costa coffee", "Coffee Boom" өкілдерімен келіссөздер жүргізілуде.

Кофейняның болжамды орналасқан жері: Түркістан қаласының тарихи-мәдени және әкімшілік орталықтарының аумағы.  Орналасатын жерілер келншілер өткізгіштігімен сипатталады.

Кофейня форматы – орташа бағалық санат. Залдың ауданы – 500 ш. м. Орташа чек (бір келуші адамнын шоты) – 3 000 теңге құрайды.

Күтілетін нәтиже:

  1. толығымен қызмет ететін мейрамхана;
  2. тұрақтың болуы;

Ағымдағы жағдай:

Жобаны іске асыру үшін әлеуетті жер учаскелері айқындалған. Қазіргі уақытта құқық белгілейтін құжаттарды алу мақсатында «Мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған Үкімет» АҚ мен «Түркістан қаласы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлік» филиалымен бірге жерге қалыптастыру жобалары бойынша шарт жасасу жұмыстар жүргізілуде.