Функционалдық міндеттері:
1) Қоғамның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
2) Қоғамның қаржылық қызметіне талдау жүргізеді;
3) бухгалтерлік құжаттар мен есептілікке ревизияны жүзеге асырады, оның анықтығын бағалайды, сондай-ақ жасалатын қаржылық операцияларға ішкі және сыртқы бақылауды, олардың заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін, салық салудың белгіленген тәртібінің сақталуын бағалайды;
4) айыппұл және басқа да санкцияларға әкеп соғуы мүмкін есептеулер мен қателіктердің алдын алу, пайданы азайту және Қоғамның беделіне теріс әсер ету мақсатында қажетті ұсынымдар береді;
5) тұтас алғанда Қоғамның және Қоғам қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғамның ішкі нормативтік актілерінің талаптарын сақтауын бағалауды қамтамасыз етеді;
6) ішкі және сыртқы аудиттің нәтижелері бойынша қабылданатын атқарушы орган мен Қоғамның құрылымдық бөлімшелері өткізетін және жоспарлаған іс-шараларды оларды оңтайлы орындау мақсатында бағалауды қамтамасыз етеді;
7) тексеру процесінде қағаз жеткізгіштердегі, сондай-ақ электрондық түрдегі барлық құпия сипаттағы құжаттардағы ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
8) Қоғам ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін бағалауды қамтамасыз етеді;
9) атқарушы орган мен Қоғамның құрылымдық бөлімшелері жасайтын іс-әрекеттер мен операцияларды жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жоспарлауды және жүргізуді қамтамасыз етеді; ;
10) аудиторлық қорытындыларды дайындауды қамтамасыз етеді;
11) аудиторлық тексерулерді орындау әдіснамасын әзірлеуді және жетілдіруді қамтамасыз етеді;
12) операцияларды (технологиялық процесті) орындаудың белгіленген рәсімдерге сапасы мен сәйкестігін бағалауды қамтамасыз етеді;
13) активтерді қорғау және есепке алу жүйесін бағалауды қамтамасыз етеді;
14) тәуекелдерге қатысты капиталды бағалау бойынша жүйені талдауды қамтамасыз етеді;
15) операциялардың тиімділігін тексеруді және бағалауды қамтамасыз етеді;
16) Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен жекелеген қызметкерлерінің жұмысында анықталған барлық бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы Директорлар Кеңесін хабардар етеді;
17) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын бақылау (ҚР Қаржы министрінің 30.11.2021 жылғы №1252 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларына сәйкес);;
18) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын орындау.
Біліктілік талаптары:
1. Білімі: экономист / заңгер / қаржыгер.
2. Еңбек өтілі 5 жылдан астам.