city

"Түркістан" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы " АҚ бос орынға қабылдау туралы хабарлайды:

  1. Бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау департаментінің бас менеджері (грейд лауазымы 19)

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерге фотосуреті бар CV (түйіндеме) электрондық мекенжайға жіберу қажет: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. немесе телефон арқылы хабарласыңыз +7 702 434 2444 (Лайбеков Біржан Серпербекұлы).

Түйіндеме 2025 жылғы 10 маусымда сағат 18:00-ге дейін қабылданады.

 

№ 

Бос орын

Кандидатқа қойылатын талаптар

 

Бас менеджер БЕжЭТД

Функционалдық міндеттері:

  1. Есептілікті «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесіне» (ЕБЖ) орналастыруды жүзеге асырады;

  2. Экономикалық және қаржылық көрсеткіштерді есепке алу жүйесін енгізу бойынша жұмысты жүргізеді;

  3. Қоғамның дамуы мен тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізеді;

  4. Бағдарламаларды талдайды, даму жобалары мен бағдарламаларының тиімділігі тұрғысынан қорытындылар жасайды;

  5. Қоғам қызметіне қатысты жиынтық есептерді, ақпараттарды, баяндамаларды, сөз сөйлеу мәтіндерін дайындауға қатысады;

  6. Даму жобалары мен бағдарламалары бойынша олардың тиімділігіне қатысты қорытындылар ұсынады;

  7. Мүдделі құрылымдық бөлімшелермен бірлесе отырып, Қоғам құжаттарын қарау мен сараптамалық бағалау жұмыстарына қатысады;

  8. Өз құзыреті шегінде құжаттарды келісіп, визалайды;

  9. Қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ішкі құжаттарға сәйкес өзге де функцияларды орындайды.


Біліктілік талаптары:

  1. Білімі – жоғары, экономикалық бағытта.

  2. Жұмыс өтілі – кемінде 3 жыл, коммерциялық ұйымдарда немесе мемлекеттік қызметте бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудит, есеп-талдау немесе бақылау-тексеру салаларында ұқсас лауазымдарда жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.