Инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру үшін әлеуетті серіктестерді/инвесторларды конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыру
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округінде орналасқан жер учаскелеріндегі инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру үшін серіктес/инвесторды конкурстық іріктеуді ұйымдастырушы – «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам).
Негізгі шарттар:
-жер учаскесін бірлескен қызметке беруді немесе уақытша жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу жолымен жер учаскесін беруді көздейтін бірлескен қызмет туралы шарт жасасу;
- жер телімін мақсатты пайдалану.
Қоғам жобаға тек жер учаскесін беруге қатысады.
Жоба бойынша барлық қаржылық шығындар және жер учаскелері бойынша салық төлемдері серіктес/инвестор есебінен инвестицияланады.
Назар аударыңыз!
Елімізде 2020 жылдың 15 наурызынан бастап енгізілген төтенше жағдайға байланысты конкурстық іріктеу 2020 жылдың 5 мамырына дейін ұзартылады.
Конкурстық іріктеуге қатысуға әлеуетті серіктестердің/инвесторлардың өтінімдері және оларға қоса берілген құжаттары Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, 161200, Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы, 34 А, «АЛАШ» бизнес - орталығының ғимараты, 3-ші қабатында, 2020 жылдың 5 мамыр сағат 19: 00-ге дейін (өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі) қабылданады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8(72533) 5-92-95 телефондары арқылы алуға болады.
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..
Жер учаскелері
№ |
Орналасқан жері |
Алаңы (га) |
Нысаналы мақсаты |
1 |
Ордасабин ауданы, Бадам а/о, 029 орам, 1691 тел. |
8 |
қойма салу үшін |