city

Инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру үшін әлеуетті серіктестерді/инвесторларды конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыру

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылдық округінде орналасқан жер учаскелеріндегі инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру үшін серіктес/инвесторды конкурстық іріктеуді ұйымдастырушы – «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам).

Негізгі шарттар:

-жер учаскесін бірлескен қызметке беруді немесе уақытша жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу жолымен жер учаскесін беруді көздейтін бірлескен қызмет туралы шарт жасасу;

- жер телімін мақсатты пайдалану.

Қоғам жобаға тек жер учаскесін беруге қатысады.

Жоба бойынша барлық қаржылық шығындар және жер учаскелері бойынша салық төлемдері серіктес/инвестор есебінен инвестицияланады.

Назар аударыңыз!

Елімізде 2020 жылдың 15 наурызынан бастап енгізілген төтенше жағдайға байланысты конкурстық іріктеу 2020 жылдың 5 мамырына дейін ұзартылады.

Конкурстық іріктеуге қатысуға әлеуетті серіктестердің/инвесторлардың өтінімдері және оларға қоса берілген құжаттары Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, 161200, Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы, 34 А, «АЛАШ» бизнес - орталығының ғимараты, 3-ші қабатында, 2020 жылдың 5 мамыр сағат 19: 00-ге дейін (өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі) қабылданады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8(72533) 5-92-95 телефондары арқылы алуға болады.

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Жер учаскелері

Орналасқан жері

Алаңы (га)

Нысаналы мақсаты

1

Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе а/ о,

Каржан а., 092 о., 124 уч.

69

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

2

Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе а/ о,

Каржан а., 092 о., 114 уч.

140

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер