«Түркістан қаласында көкөніс қоймасын, көтерме-тарату орталығын салу» инвестициялық жобасы үшін серіктес-инвесторды конкурстық іріктеуді жүргізу туралы
«Түркістан қаласында көкөніс қоймасын, көтерме – тарату орталығын салу» инвестициялық жобасы үшін серіктес-инвесторды конкурстық іріктеуді (бұдан әрі – іріктеу) ұйымдастырушы – "Түркістан "ӘКК" АҚ, Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы, 34 А құрылысы, "Алаш"бизнес орталығы.
Конкурстық іріктеуге қатысуға әлеуетті серіктестердің/инвесторлардың өтінімдері және оларға қоса берілген құжаттары Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, 161200, Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы, 34 А, «АЛАШ» бизнес - орталығының ғимараты, 3-ші қабатында, 2020 жылдың 16 сәуір сағат 19: 00-ге дейін (өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі) қабылданады.
- Серіктес-инвесторға қойылатын біліктілік талаптары
- Жоба туралы ақпарат
- Жобаны іске асыру орны
- Өтінімге қоса берілетін қажетті құжаттардың тізбесі
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8(72533) 5-94-58 телефондары арқылы алуға болады.
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..
1. Серіктес-инвесторға қойылатын біліктілік талаптары
Әлеуетті серіктес-инвестор:
- құқық қабілеттілігіне ие болу;
- банкроттық не тарату рәсіміне жатпау;
- әуежай инфрақұрылымын салу тәжірибесі болу;
- іске асырылған ірі инвестициялық жобалардың болуы;
- материалдық, техникалық құралдарға (Машиналар, механизмдер, арнайы жабдықтар), қаржылық және еңбек ресурстарына ие болу.
2. Жоба туралы ақпарат |
||
№ |
Жоба атауы |
«Түркістан қаласында көкөніс қоймасын, көтерме – тарату орталығын салу» |
1 |
Негіздеме |
Түркістан облысының 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес |
2 |
Жобаның мақсаты мен мәні |
Нарықта бағаны тұрақтандыру, жергілікті өндірушілерге тікелей жеткізуге қолайлы жағдай жасау |
3 |
Жобаны іске асыру орны |
Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Балтакөл тас жолы, 161 орам, 1474 учаске, Түркістан қаласының индустриялық аймағының жанында. |
4 |
Жер ресурстары |
Жалпы ауданы 20 га жер учаскесі бар. Мақсаты: логистикалық орталықтың құрылысына. Түркістан қаласы әкімдігінің 14.01.2020 № 37 қаулысы. |
5 |
Жобаны орындау мерзімі |
Бірлескен қызмет туралы шарт жасалған күннен бастап 8 ай ішінде |
6 |
Жобалық қуаты |
Кемінде 4400 шаршы метр қойма үй-жайлары, 20 машинаға тақталары бар жабық сауда алаңдары, кемінде 120 көтерме-бөлшек сауда орындары, 60 машинаға арналған тұрақ алаңы |