city

«Түркістан облысы тұрғындары үшін қорғаныс маскаларын өндіру» инвестициялық жобаны бірлесіп жүзеге асыруға

инвестор - серіктесті конкурстық іріктеу туралы

ЕСКЕРТПЕ

 

«Түркістан облысы тұрғындары үшін қорғаныс маскаларын өндіру» инвестициялық жобаны бірлесіп жүзеге асыруға инвестор - серіктесті конкурстық іріктеудің ұйымдастырушысы - «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Түркістан» ӘКК), орналасқан жері - Қазақстан Республикасы , Түркістан облысы, Түркістан, Қызылорда тас жолы, 34А ғимарат.

Іріктеуге қатысу үшін әлеуетті инвестор - серіктестер өтінімері және оларға қоса ұсынылған құжаттар 2020 жылдың 6 сәуірі 18 сағат 00 минутқа дейін (өтінімдерді берудің соңғы мерзімі) келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы тас жолы, 34А., 1 қабат, Инвестициялық жобаларды дамыту бөлімі.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына байланыс деректері бойынша алуға болады: телефон: 8 (778) 966-28-14, e-mail:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Жоба туралы ақпарат

Жобаның атауы

Түркістан облысының тұрғындары үшін қорғаныс маскаларын өндіру

1

Негіздеме

Ел тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті 2020 жылдың 15 наурызында республика аумағында COVID-19 коронавирусының таралуына қарсы төтенше жағдай енгізу туралы жарлық шығарды.

Бірінші кезекте, кешенді шаралар халықтың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында облыста пандемиямен күрес жөніндегі шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты аймақ халқы қорғау маскаларын сатып алуда, бұл олардың Түркістан облысының дәріханаларында өткір тапшылығына алып келді.

Осы қорғау маскаларының тапшылығының орнын толтыру мақсатында «Түркістан» ӘКК оларды өндіру жөніндегі жобаны іске асыруды жоспарлауда..

3

Жобаның орналасқан жері

Түркістан облысы

5

Жобаның мерзімі

Жұмыс кестесінде айқындалады және бірлескен қызмет туралы келісімде көрсетіледі

6

Кезең

Жоба