city

/

Құрметті Түркістан облысының кәсіпкерлік қызмет субъектілері!

 

 «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының аграрлық азық- түлік нарығына реттеушілік ықпал ету үшін мақсатында, 1- қосымшаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарларын бірлесіп өткізу, сақтау және жеткізу үшін әлеуетті серіктестерді іздейді.

Әлеуетті серіктестер төменде көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес анықталады:

  1. кәсіпкерлік субъектілерінде азық-түлік тауарларын тиісінше сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сауда-логистикалық инфрақұрылымның (қойма құрылыстары, арнайы жабдығы бар үй-жайлар және басқалар) болуы;
  2. салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктер алдында берешектің болмауы;
  3. кәсіпкерлік субъектісінің басшылығында және өзге де уәкілетті тұлғаларында заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы;
  4. кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты оңалту және (немесе) банкроттық рәсімі қолданылмауға тиіс;
  5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 164 "Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10971 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 358 "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының  талаптарын сақтау (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15689 болып тіркелген).

Бірлескен қызмет үшін  өтінімдер 2-қосымшаға 2020 жылдың 16 наурызынан 30 наурызы аралығында сәйкес (жұмыс күндері сағат 09:00- ден 19:00- ге дейін ) Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы 34А мекен-жайы бойынша қабылданады.

Қызықтырған барлық сұрақтар бойынша «Түркістан» ӘКК» АҚ-на хабарласыңыз. Байланыс телефондары: 87000241188 Нияз, 87477018565 Бағлан.

 

1 қосымша

Тауардың атауы

1

Картоп

2

Асханалық сәбіз

3

Басты пияз

4

1 сортты бидай ұны

5

Ақ қауданды қырыққабат

6

Қарақұмық жармасы

7

Құмшекер

8

Макарондар

9

Жылтыратылған күріш

10

Күнбағыс майы

11

Сиыр еті

12

Жеуге жарайтын тұз

13

1 сортты ұннан нан

14

Тауық еті

15

Айран

16

Сүзбе

17

1-санатты тауық жұмыртқасы

18

Тұздалмаған май

19

Пастерленген сүт

 

 

 

 

2 қосымша

 

Бірлескен қызметке арналған өтінім формасы

 

«Түркістан» ӘКК» АҚ-ның

  басқарма төрағасына

   _______________________

  (Компанияның атауы)

       БИН (ЖСН)______________

________________________

                                                                                               

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

 

 

_______________(қолы)

     Күні ___________________