city

Хабарлама

«Түркістан қаласындағы жаңа тұрғын үй алабында көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы» инвестициялық жобасын бірлесіп іске асыру үшін әлеуетті серіктестерді/инвесторларды конкурстық іріктеуді өткізу туралы

«Түркістан қаласының жаңа тұрғын алабында көп қабатты тұрғын үйлер салу» инвестициялық жобасын бірлесіп іске асыру үшін инвестор - әріптестерді конкурстық іріктеуді (бұдан әрі - Іріктеу) ұйымдастырушы – «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ӘКК), орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы трассасы, 34 А ғимарат.

Әлеуетті серіктес-инвесторлардың іріктеуге қатысуға өтінімдері және оларға қоса берілетін құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы трассасы, 34 А ғимараты, 1-ші қабат. Күрделі құрылыс басқармасы.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (72533)5-28-41

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Жоба туралы ақпарат

 

 

Жобаның атауы

«Түркістан қаласының жаңа тұрғын алабында көп қабатты тұрғын үйлер салу»

 

 1

 

 

Негіздеме

Жобаның негізгі міндеті қазіргі заманғы технологиялар мен материалдарды қолдана отырып, Түркістан қаласында коммерциялық үй-жайлары бар және қазіргі заманғы тұрғын үй стандарттарына сәйкес келетін тұрғын үйлер құрылысынан тұрады.

 

 2

Жобаның мақсаты мен мәні

«Көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы»

 3

Жобаның мақсаты мен мәні

Түркістан облысы, Түркістан қаласы

 4

Жер ресурстары

Түркістан қаласының Бас жоспарына сәйкес

 5

Жобаны орындау мерзімі

Жұмыстар кестесіне сәйкес анықталады және бірлескен қызмет туралы шартта айтылады

6

Жоба сатысы

Жоба

7

Қатысу шарттары

Жобаның жалпы құнының кемінде 20% мөлшерінде өз қаражатымен көп қабатты тұрғын үйлерді салуға инвестор-серіктестің қатысуы.

Жобаны іске асыру жер учаскесін жергілікті атқарушы орган қоғамға бергеннен кейін жүзеге асырылады және қоғам жер учаскесін алмауға байланысты жобаны одан әрі іске асырудың мүмкін еместігі үшін инвестордың алдында жауап бермейді және инвестор шеккен шығыстардың қандай да бір сомасын өтемейді