city
Конкурстық іріктеуді ұйымдастырушы: «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясы» акционерлік қоғамы.
Ұйымдастырушының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан
облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, 20 ғимарат.
Байланыс телефондары: +7 701 596 8763 Ауешов А.К.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 28 маусымдағы сағат 19:00-де
Астана қаласының уақыты бойынша аяқталады.
Жобаны іске асыру орны: Түркістан облысы
Қарыз алушыға кредит беру шарттары:
- Несие мерзімі-10 (он) жыл;
- Несиенің ең жоғары сомасы-5 (бес) миллиард теңгеден аспайды;
- Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;
- Кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
- Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең 24 ай
Кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға
немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру:
 
- тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап);
 
- етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);
 
- етті бағыттағы мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап);
 
- көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
 
- жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
 
- өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын;
 
- ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жүн мен теріні терең өңдеу
кәсіпорындарын;
 
- қуаттылығы жылына 25 тоннадан бастап тауарлық балық болатын балық және
басқа да су жануарларын өсіретін балық өсіру шаруашылықтарын;
 
- өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан басталатын балықты аршып,
тазалайтын, одан әрі тереңдете өңдейтін және сақтайтын балық өңдеу кәсіпорындарын;
 
- осы АӨК саласындағы жобалар бойынша буып-түю материалдарын өндіру
кәсіпорындарын;
 
- құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды;
 
- қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару)
пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);
Әлеуетті серіктеске қойылатын біліктілік талаптары:
1) әлеуетті әріптес банкроттық, тарату рәсіміне жатпауы немесе оңалту
рәсімдерінен өтпеуі тиіс;
2) әлеуетті әріптес өтінім берген сәтте сот талқылауларында тарап болып
табылмайды, олар өз кезегінде әлеуетті әріптестің қызметіне, жобаны іске асыруға теріс
әсер етуі мүмкін не әлеуетті әріптестің жобаға қатысу үлесі ретінде ұсынылатын
мүлікке теріс әсер етуі мүмкін;