city

 

Конкурстық іріктеуді ұйымдастырушы: «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»  акционерлік қоғамы.

Ұйымдастырушының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, 20 ғимарат.

Байланыс телефондары: +7 701 596 8763 Ауешов А.К.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 12 маусымдағы сағат 19:00-де Астана қаласының уақыты бойынша аяқталады.

Жобаны іске асыру орны: Түркістан облысы

 

Қарыз алушыға кредит беру шарттары:

- Несие мерзімі-10 (он) жыл;

- Несиенің ең жоғары сомасы-5 (бес) миллиард теңгеден аспайды;

- Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;

- Кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

-  Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең 24 ай

 

Әлеуетті серіктеске қойылатын біліктілік талаптары:

1) әлеуетті әріптес банкроттық, тарату рәсіміне жатпауы немесе оңалту рәсімдерінен өтпеуі тиіс;

2) әлеуетті әріптес өтінім берген сәтте сот талқылауларында тарап болып табылмайды, олар өз кезегінде әлеуетті әріптестің қызметіне, жобаны іске асыруға теріс әсер етуі мүмкін не әлеуетті әріптестің жобаға қатысу үлесі ретінде ұсынылатын мүлікке теріс әсер етуі мүмкін;

3) әлеуетті әріптестің жобаны іске асыру үшін қажетті қаржылық және/немесе материалдық, еңбек ресурстарының болуы (оның ішінде үлестес компанияларда);

4) салықтар және өзге де міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен (өтелмеген) берешектің, сондай-ақ қаржы институттары алдындағы мерзімі өткен (өтелмеген) кредиторлық берешектің болмауы;

5) әлеуетті әріптестің (оның ішінде үлестес компаниялардың) қызметі қаржылық және өзге де есептілікке сәйкес өтінім берілген күннің алдындағы соңғы 2 (екі) жыл ішінде шығынсыз болып табылады. Заңды тұлғаны тіркеу мерзімі 2 (екі) жылдан кем болған жағдайда – қызмет оны тіркеген кезден бастап бүкіл кезең үшін залалсыз болып табылады.

6) АӨК саласындағы жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары мыналар болып табылады:

- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортты алмастыруын ескере отырып, салалық орындылығы;

- өңір тұрғындарын сапалы және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету;

- уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;

- ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

- кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің 90 (тоқсан) күннен көп болмауы;

- берік азықтық базасын қалыптастыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының қажетті алаңының болуы.

 

Қосымша 1. Іріктеуге қатысу үшін Қарыз алушы  ұсынатын жобаға қажетті құжаттар тізбесі.

 

 

Қосымша 1.

 

Іріктеуге қатысу үшін әлеуетті серіктес

ұсынатын жобаға қажетті құжаттар тізбесі

 

1

Инвестициялық жобаға қатысуға өтінім

қолдары мен мөрлері бар түпнұсқа

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама не дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама/куәлік

Қазақстан Республикасының электрондық үкімет базасынан анықтама "egov.kz»

3

Құрылтай шарты (біреуден артық құрылтайшысы, қатысушысы бар заңды тұлғалар үшін)

жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастыққа әлеуетті серіктестерді тартуға жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері куәландырған көшірме ("түпнұсқамен салыстырылды" деген жазумен»)

4

Жарғы (болған жағдайда)

жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастыққа әлеуетті серіктестерді тартуға жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері куәландырған көшірме ("түпнұсқамен салыстырылды" деген жазумен»)

5

Бірінші басшыны тағайындау туралы құжат және әлеуетті әріптестің, қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар өзге де тұлғалардың бірінші басшысы мен бас бухгалтерінің жеке куәлігі

әлеуетті серіктестің мөрімен расталған көшірме

6

Қол қою үлгілерінің, мөр бедерінің карточкасы

нотариалды куәландырылған қолы мен мөрі бар түпнұсқа

7

Документ, подтверждающий полномочия представителя юридического лица на осуществление действий от имени потенциального Партнера (участника)

Әлеуетті әріптестің (қатысушының) атынан іс-әрекеттерді жүзеге асыруға заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат)

8

Жобаны ұсыну күніне бастамашының үлестес тұлғалары туралы ақпарат

Әлеуетті серіктес хатының түпнұсқасы

9

Лицензия – егер қызмет түрі лицензияланатын болса

көшірмесі (қажет болған жағдайда)

10

Өткен қаржы жылындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес кредиторлық, дебиторлық берешекті ашып көрсете отырып, олардың туындау себебі мен күнін көрсете отырып, өтінімді ұсыну күніндегі қаржылық есептілік

әлеуетті серіктестің мөрімен және қолымен расталған түпнұсқа

11

Өтінім берілген күнге салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы Мемлекеттік кіріс органдарынан анықтама

түпнұсқа

12

Серіктестің банктердегі ашық және жабық шоттарының тарихын көрсете отырып, салық төлеушінің кабинетінен тіркеу карточкасын қоса бере отырып, қоғамға жобаны ұсыну күніне банктер алдындағы міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы банктерден (әлеуетті әріптеске қызмет көрсетілетін) анықтамалар

түпнұсқа

13

Өтінімді ұсыну күніне ағымдағы шоттарда ақша қаражатының бар екендігі туралы банктен анықтама

түпнұсқа

14

Акционерлік қоғамдар үшін - акциялар шығарылымы проспектісінің көшірмесі, акционерлер тізілімінен үзінді-көшірме, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің көшірмесі, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хат, жарияланған бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

әлеуетті әріптестің мөрімен және қолымен расталған көшірмесі, қажет болған жағдайда

15

Қағидаларға №5-қосымшаға сәйкес жоба бойынша Бизнес-жоспар

әлеуетті серіктестің мөрімен және қолымен расталған түпнұсқа

16

Әлеуетті әріптестің және әлеуетті әріптестің үлестес компанияларының өтінімді ұсыну күніндегі кредиттік есебі

Қазақстан Республикасының электрондық үкімет базасынан анықтама "egov.kz" / бірінші несие бюросы

17

Өтінімді ұсыну күніне стандартты нысанға сәйкес ұсынылған қаржылық есептіліктің және басқа да ақпараттың (ТЭН және ЖСҚ салу үшін жобалар бойынша бизнес-жоспар) дұрыстығын растау туралы ұсыну-хат

қолдары мен мөрлері бар түпнұсқа

18

Тұрғын үй массивінің блоктары бойынша әзірленген "1-қабатта және сауда-ойын-сауық орталығында коммерциялық үй-жайлары бар көп қабатты тұрғын үйлерді жобалау және салу" инвестициялық жобасының эскиздік жобасы

 

Жоба бойынша кепілдік қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда

19

Өтінімді ұсыну күніне қоғаммен бірлескен жобаға берілетін, меншіктегі жылжымайтын және жылжымалы мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама

Қазақстан Республикасының электрондық үкімет базасынан анықтама "egov.kz»

20

Өтінім берілген күнге серіктес меншігіндегі, қоғаммен бірлескен жобаға берілетін жылжымайтын және жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар

жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастыққа әлеуетті серіктестерді тартуға жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері куәландырған көшірме ("түпнұсқамен салыстырылды" деген жазумен»)

21

Қоғаммен бірлескен жобаға берілетін мүлікті бағалау туралы есеп

түпнұсқа

22

Ауыл шаруашылығы техникасы паркін материалдық-техникалық жарақтандыру, берік жемшөп базасын қалыптастыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының қажетті алаңының болуы туралы құжаттар.

қоғамның құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері куәландырған көшірме / электрондық құжат

23

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар

қоғамның құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері куәландырған көшірме / электрондық құжат

 

Ескертпе:

1) қажет болған жағдайда сараптама жүргізу үшін қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін;

2) Жеке тұлғалар үшін: жеке куәліктің, жеке кәсіпкер куәлігінің (бар болса) көшірмесін (түпнұсқасын), мекенжай анықтамасын, соттылығы туралы анықтаманы ұсыну.