city

Конкурстық іріктеуді ұйымдастырушы:

          «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және реттеу жұмыстарының істеу тәртібін енгізу мақсатында «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы, кестеге сәйкес Түркістан қаласында әлеуметтік павильондар салу үшін әлеуетті серіктестерді анықтауға конкурс жариялағанын хабарлайды:

 

Лот №

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы

1

Түркістан қ., кв.160, т.703 (Отырар м/а)

0,005 га

2

Түркістан қ., кв.002, т.932 (2 м/а)

0,005 га

3

Түркістан қ., кв.012, т.2119 (Марайым к.)

0,005 га

4

Түркістан қ., кв.032, т.6146 (Жибек жолы д.)

0,005 га

5

Түркістан қ., кв.160, т.701 (Т.Нышанова к.)

0,005 га

6

Түркістан қ. , кв.162, т.572

0,005 га

7

Түркістан қ., кв.022, т.2204 (Ататурк к.)

0,005 га

8

Түркістан қ., кв.022, т.2205 (1 м/а)

0,005 га

9

Түркістан қ., кв.001, т.710 (1 м/а, Т.Нышанова к.)

0,005 га

10

Түркістан қ., кв.163, т.2743 (К.Жунисбекова к.)

0,005 га

 

Әлеуметтік дүкеннің нысаналы мақсаты: әлеуметтік дүкен орнату үшін;

Жер учаскесін жалға беру мерзімі 4 жыл 6 ай.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 18 қарашадан 5 желтоқсан аралығында (жұмыс күндері 09:00-ден 19:00-ге дейін) Түркістан қаласы, Жаңа қала, 32 көше, 20 ғимарат, 4 қабат мекенжайы бойынша қабылданады.

 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

-әлеуметтік дүкендер салу үшін серіктестерді конкурстық іріктеу ережесінің 1-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш нысаны;

  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмесі, жеке тұлға үшін - кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу құжатының көшірмесі;
  • республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
  • бірінші кредиттік бюродан ағымдағы мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама;
  • әр лотқа кемінде 5 000 000 (бес миллион) теңге ақшалай қаражаттың болуын растай отырып, екінші деңгейдегі банктерде шоттың болуы туралы анықтама;
  • 20 АЕК мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету түрінде Тапсырыс берушінің шотына ақша қаражатын енгізу туралы растайтын құжат.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу үшін «Түркістан» ӘКК» АҚ

банктік шоты:

 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

ЖСК KZ676010001000009271

БСК HSBKKZKX

 

Қосымша:

  • әлеуметтік дүкендер салу үшін серіктестерді конкурстық іріктеу ережесі;
  • әлеуметтік дүкеннің эскизі

Қызықтырған барлық сұрақтар бойынша «Түркістан» ӘКК» АҚ-на хабарласыңыз. Байланыс телефоны: 8-747-504-73-99

 

Конкурстық іріктеу ережелері