city

«Түркістан» ӘКК» АҚ келесі жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурстық іріктеу өткізілетіні туралы хабарлайды:

1) Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі, 183 квартал, 961 телім, жалпы ауданы 81,45 га, 16 лотқа бөлінген (экспликация №1).

2) Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі, 183 квартал, 946 телім, жалпы ауданы 21 га, 4 лотқа бөлінген (экспликация №2).

 

Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары толық ақпаратта көрсетілген.

Әлеуетті серіктестердің/инвесторлардың конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдері мөрленген конвертте, осы хабарламаға сәйкес нысан бойынша, мынадай мекенжайлар бойынша қабылданады:

«Түркістан» ӘКК» АҚ, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы, 34 а, «АЛАШ» бизнес орталығының ғимараты, 1 - қабат, Портфельдік активтерді басқару департаменті.

Конкурстың қорытындылары қоғамның ресми интернет-ресурсында конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жарияланады.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2022 жылғы 18 ақпан 19 сағат 00 минутқа дейін.

Конкурсқа қатысты қосымша ақпарат пен түсініктемелерді телефон арқылы алуға болады:

байланыс телефоны: + 7 775 511 40 40, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Толық ақпаратты жүктеу