city

Негізгі шарттар:

1) Қоғам жобаға жер қойнауын пайдалану құқығымен ғана қатысады.

2) Келісімшартты бірлескен қызметке беруді көздейтін бірлескен қызмет туралы шарт жасасу.

3) Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда, жоба бойынша барлық қаржылық шығындар әріптес/инвестор есебінен қаржыландырылады.

Бірлескен қызметтің нысаны жобаның Бизнес жоспарын ұсыну қорытындылары бойынша айқындалатын болады.

Әлеуетті серіктестердің/инвесторлардың конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдері мен оларға қоса берілген құжаттары мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, 161200, Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы трассасы, 34А, "АЛАШ" бизнес - орталығының ғимараты, 1-қабат, 2021 жылғы 13 желтоқсан  19 сағат 00 минутқа дейін (өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі) қабылданады.

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына телефондар арқылы алуға болады:

+7 775 511 40 40, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

 

Жобаның толық атауы

"Ирису" темір-мыс-кобальт кен орнының кенін өндіру

Жобаны іске асыру орны

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы

Ауданы (Тау-кен бөлінісіне сәйкес)

580 метр өңдеу тереңдігі болған кезде 828 га

Пайдалы қазба түрі

Темір-мыс-кобальт

Жер қойнауын пайдалану түрі

Қатты пайдалы қазбаларды жерасты тәсілімен өндіру

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт

№5392-ТПИ 28.09.2018 ж

Келісімшарттың қолданылу мерзімі

25 жыл 

Инвестиция құны (келісімшартқа жұмыс бағдарламасына сәйкес)

340 967 642,9 мың теңге

Кен өндіру көлемі

60 500,0 мың тонн

Жер қойнауын пайдалану құқығының нарықтық құны

6 203 031,2 мың теңге

(бағалау бойынша есеп, 07.12.2020ж.)

* Геологиялық және өзге де ақпараттық материалдар құпиялылық және ақпаратты жария етпеу туралы келісімге қол қойылғаннан кейін ұсынылатын болады.

 

Толық ақпаратты жүктеу

Толық ақпаратты жүктеу. Механизм.