city

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және реттеу жұмыстарының істеу тәртібін енгізу мақсатында «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік Корпорациясы» акционерлік қоғамы, кестеге сәйкес Түркістан қаласында орналасқан сауда павильондарына (әлеуметтік дүкендерге) комиссионерлерді (жалдаушыларды) анықтауға конкурс жариялағанын хабарлайды:

 

Лот №

Сауда павильонының (әлеуметтік дүкеннің) орналасқан жері

Сауда павильоны (әлеуметтік дүкен) №

Сауда павильонының (әлеуметтік дүкеннің) көлемі

1

Отырар мөлтек ауданы (ШНОС)

Әлеуметтік дүкен №12

24 м2

2

Отырар мөлтек ауданы (ШНОС)

Әлеуметтік дүкен №8

24 м2

3

№2 мөлтек ауданы, Кенесары көшесі, н-сіз.

Әлеуметтік дүкен №3

24 м2

Әлеуметтік дүкеннің нысаналы мақсаты: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру;

Сауда павильонын мүліктік жалға беру мерзімі 1 жыл;

Сауда павильонын мүліктік жалға беру шарттары: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шеңберінде Қоғамның азық-түлік тауарларын өткізу.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 1-қосымшаға сәйкес 2021 жылдың 09 тамызынан 23 тамыз аралығында (жұмыс күндері 09:00-ден 19: 00-ге дейін) Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы 34А мекенжайы бойынша қабылданады.

Қызықтырған барлық сұрақтар бойынша «Түркістан» ӘКК» АҚ-на хабарласыңыз. Байланыс телефоны: 8 (725-33) 5-92-95, 8-747-755-70-01.

 

Толық ақпаратты жүктеу