Өргебас және Фирдоуси ауылдарының тұрғындары «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры өтемақы ретінде төлеп жатқан қаражатқа өз үйлерінің құрылысын қарқынды жүргізуде. Бүгінгі таңда 250-ден астам отбасы жалпы сомасы 1 млрд.теңгеден астам көлемде екінші транш алды, ал 80-нен астам отбасына 4 250 000 теңгеден үшінші транш төленді.
Айта кетсек, Өргебас ауылында 400 үйдің құрылысы аяқталып, олардың кейбіреулерінде ауыл тұрғындары қоныс тойын атап өтті. Бұдан бөлек, 100 ғимаратта қабырғалар тұрғызылып, шатыр орнату жұмыстары жүргізілуде.
Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың мамыр айында Түркістан облысының Мақтаарал ауданында төтенше жағдай орын алып, аудан тұрғындарының үйлері зақымданған болатын. Бүгінгі таңда Мырзакент ауылында зардап шеккен мақтааралдықтарға арналған жаңа шағын ауданның құрылысы толық аяқталды.