city

Түркістан облысы Мақтарал ауданы Мырзакент аулында мақтаралдықтарға арналған алғашқы 10 үйдің құрылысы аяқталды.

 

«Түркістан» ӘКК»  АҚ, «Birgemiz-Turkistan» Корпоративтік қоры және «Б.Өтемұратов Қоры» жеке қорымен бірлесіп, Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары үшін Мырзакент аулында 170 тұрғын үй салу жобасын іске асыруда.

 

Бүгінгі таңда «Birgemiz-Turkistan» Корпоративтік қорымен біріге салынған алғашқы 10 үйдің құрылысы аяқталды. Жалпы ауданы 100 ш.м. құрайтын әр үйдің сыртқы және ішкі әрлеуі бойынша жөндеу жұмыстары тәмамдалды. 160 үйдің құрылысы 50%-ға аяқталып, қалған жұмыс кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

 

Сонымен қатар, Мақтаарал ауданының Фирдоуси және Өргебас ауылдарының зардап шеккен әр отбасына құрылысқа 17 млн. теңге көлемінде өтемақы төленуде. Айта кетсек, «Түркістан» ӘКК мамандары «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорының төлемдері есебінен үйлерді өз күштерімен салып жатқан ауыл тұрғындарына құрылыс бойынша кеңес беруді жалғастыруда.