city

Биыл Түркістанда 63 көпқабатты жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы басталады (3353 пәтер, 229,1 мың шаршы метр), бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 3,5 миллиард теңге, облыстық бюджеттен 7,3 миллиард теңге бөлінді.

Атап айтқанда, Түркістан қаласында - 20 үй (1200 пәтер, 78,3 мың шаршы метр); Кентау - 15 үй (900 пәтер, 60,0 мың шаршы метр); Сарыағаш ауданы - 13 үй (585 пәтер, 45,7 мың шаршы метр); Түлкібас ауданы - 7 үй - 376 пәтер, 22,7 мың шаршы метр); Арыс қаласында - 3 үй (108 пәтер, 5,9 мың шаршы метр); Жетісай ауданы - 2 үй (80 пәтер, 6,1 мың шаршы метр); Шардара ауданы - 2 үй (80 пәтер, 6,9 мың шаршы метр); Отырар ауданы - 1 үй (24 пәтер, 3,5 мың шаршы метр).

Айта кету керек, республикалық және облыстық бюджеттің есебінен жыл қорытындысы бойынша 47 үйді (2489 пәтер, 170,8 мың шаршы метр) пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар, өткен жылдың басында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 13 екі қабатты тұрғын үй құрылысына (330 пәтер, 13,9 мың шаршы метр) 13 аудан мен қаланың әкімдіктеріне облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда 12 (124 пәтер) тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Қалған 19 үй (190 пәтер) 2019 жылдың 1 жартыжылдығында пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, өткен жылы Түркістан қаласында «Түркістан ӘКК» АҚ және жеке құрылыс салушының көмегімен 6 көпқабатты тұрғын үйдің (336 пәтер, 26,1 мың шаршы метр) құрылысы басталды. 2019 жылдың III тоқсанында бұл нысандар пайдалануға беріліп, барлық пәтерлер 7-20-25 бағдарламасы бойынша халыққа беріледі.

Сонымен қатар, Түркістан қаласы, Отырар ауданында, «Түркістан - жаңа қала» тұрғын үй кешендерінде 38 га алаңда 88 көп қабатты тұрғын үй салынады (2724 пәтер, 196,3 мың шаршы метр). Биыл 44 тұрғын үй пайдалануға беріледі (1362 пәтер, 98,2 мың шаршы метр), 7-20-25 бағдарламасы бойынша жаңа пәтерлер беріледі.

Жалпы, 2019 жылы Түркістан облысында 4377 пәтер пайдалануға беріледі.