city

Түркістан облысындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және реттеу жұмыстарының тәртібін енгізу мақсатында «Түркістан» ӘКК» АҚ (бұдан әрі - ӘКК) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатуды жүзеге асыру үшін Түркістан қаласындағы 4 сауда павильондарын жалға беру үшін әлеуетті қатысушыларды іріктеу конкурсын жариялаған болатын.

ӘКК-де комиссия отырысы өтіп, онда сауда павильондарын мүліктік жалға беру мәселесі талқыланды, сондай-ақ, өтініш берушілер арасында іріктеу жүргізілді. Кәсіпкерлерді іріктеудің «ашықтығын» қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссияның құрамына ӘКК басшылығының мүшелері және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілдері кірді. Берілген өтінімдердің жалпы санынан конкурсқа қатысу үшін 7 әлеуетті қатысушы арасынан қаланың 4 кәсіпкері іріктелді. Олар «Мұсабеков Малик Абуович» ЖК, «Исақұлова Ж.Қ.» ЖК, «Пралиева Р. М.» ЖК және «Думан» ЖК.

Айта кетсек, қатысушыларды іріктеу бірнеше басты талаптар бойынша жүзеге асырылды, олар:

- кәсіпкерлік қызметтегі іс тәжірибесі;

- «халықтың әлеуметтік осал топтары» мәртебесі;

- сауда павильондарының одан әрі жұмыс істеуі үшін қаражатының болуы;

- құжаттардың толықтығы мен жинақтығы;

- презентацияның болуы.

ӘКК басқармасы шешім шығарғаннан кейін жеңімпаздармен Комиссия келісім шарты және бір жыл мерзімге сауда павильонын жалға алу шарты жасалынады.