«Түркістан» ӘКК тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі мәселесін тұрақты бақылауда ұстауда.
Статистикалық мәліметтер бойынша, 18 ақпанға облыста бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы 312 теңгеге жетті (10 дана үшін). Осыған байланысты, «Яссы құс» ЖШС құс фабрикасымен бірге, 5 супермаркет пен 14 әлеуметтік дүкенде ағымдағы жылдың 21 ақпанынан бастап 260 теңгеге (10 данаға) жеңілдікпен жұмыртқа жеткізу қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, 2019 жылдың 30 қазанынан бастап «Ақжол» ЖШС наубайханасымен бірге Түркістан қаласының 6 супермаркеті мен әлеуметтік дүкендерінде, Кентау қаласының 8 дүкенінде 75 теңге бағасымен әлеуметтік нан сату жолға қойылған.
Бүгінгі күні, жасалған шарттарға сәйкес, Түркістан қаласының бес супермаркетінде тұрақты түрде тауарлар жеткізілуде. Атап айтқанда, «Шапағат», «Бәйтерек», «Береке», «Дәулет», «Жібек Жолы», «Дастархан», ал Кентау қаласында – «Ақжол», «Орзу», «Әль-Кәусар», «Дүйсен-ата», «Ғани-ата», «Бибісара-ана», «Ақ жайық», «Үсен ата» супермаркеттері. «Түркістан» ӘКК басқарушы директоры Бағлан Жұмашбеков атап өткендей, 2020 жылы азық-түлік қорының негізгі мақсаты тауарларды жеңілдетілген бағамен сату нүктелерін ұлғайту болып табылады.
Жалпы, 2019 жылы тауар интервенцияларын өткізу шеңберінде 140,7 млн. теңге сомасына тауарлар сатылды, оның ішінде: картоп – 121,4 т., пияз – 425,1 т., сәбіз – 64,2 т., қырыққабат – 28,4 Т., 1 сұрыпты ұн – 217,2 т., қарақұмық – 11,8 т., қант – 348,3 т., күріш – 50,3 т., күнбағыс майы – 24,0 т., макарон – 20,2 т.
Анықтама: өңірде сауда павильондарын мүліктік жалға беру және комиссионерлерді анықтау Ережесіне сәйкес, кәсіпкерлер арасында тауарларды сату бойынша қызметті жүзеге асыру бойынша, сондай-ақ, «Айналым схемасы» жобасы аясында жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беріледі.