Конкурстық іріктеуді ұйымдастырушы:
«Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және реттеу жұмыстарының істеу тәртібін енгізу мақсатында «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы, кестеге сәйкес Кентау қаласында әлеуметтік павильондар салу үшін әлеуетті серіктестерді анықтауға конкурс жариялағанын хабарлайды:
Лот № |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің ауданы |
1 |
Түркістан қаласы, 162 квартал |
0,0050 га |
Әлеуметтік дүкеннің нысаналы мақсаты: әлеуметтік дүкен орнату үшін;
Жер учаскесін жалға беру мерзімі 4 жыл.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2025 жылдың 08 мамырынан 22 мамыр аралығында (жұмыс күндері 09:00-ден 19:00-ге дейін) Түркістан қаласы, Жаңа қала, 32 көше, 20 ғимарат, 4 қабат мекенжайы бойынша қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
-әлеуметтік дүкендер салу үшін серіктестерді конкурстық іріктеу ережесінің 1-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш нысаны;
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмесі, жеке тұлға үшін - кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу құжатының көшірмесі;
- республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
- бірінші кредиттік бюродан ағымдағы мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама;
- әр лотқа кемінде 5 000 000 (бес миллион) теңге ақшалай қаражаттың болуын растай отырып, екінші деңгейдегі банктерде шоттың болуы туралы анықтама;
- 20 АЕК мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету түрінде Тапсырыс берушінің шотына ақша қаражатын енгізу туралы растайтын құжат.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу үшін «Түркістан» ӘКК» АҚ банктік шоты:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
ЖСК KZ676010001000009271
БСК HSBKKZKX
Қосымша:
- әлеуметтік дүкендер салу үшін серіктестерді конкурстық іріктеу ережесі;
- әлеуметтік дүкеннің эскизі
Қызықтырған барлық сұрақтар бойынша «Түркістан» ӘКК» АҚ-на хабарласыңыз. Байланыс телефоны: 8-702-710-3000