city

ӘКК ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерді форвардтық шарттар шеңберінде қаржыландырады:

- 2025 жылғы 1 тамызға дейін ерте шығатын көкөніс өнімдерін өндіру және көктемгі-жазғы кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;

- 2025 жылғы 1 қыркүйегіне дейін келесі жылдың күзгі кезеңінде халықты өніммен қамтамасыз ету үшін.

Форвард – сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келісілген шарттармен базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгілі бір мерзімі өткеннен кейін өзіне міндеттеме алатын туынды қаржы құралы.

Қаржыландыру форвардтық шарттың жалпы сомасының 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын мөлшерде алдын ала төлем және өнім жеткізілгеннен кейін түпкілікті есеп айырысу шарттарында жүзеге асырылады.

Көкөніс өнімдерін тікелей тауар өндірушіден форвардтық келісім жасау арқылы жүзеге асырылады.  

Ауылшаруашылық тауарөндірушілерге қойылатын талаптар:

  • кепілдікке қойылатын мүліктің немесе банк кепілдігінің болуы;
  • өтінімді қарау кезінде банкроттық немесе тарату сатысында болмауы;
  • өтінімді қарау кезінде жосықсыз өнім берушілер тізілімінде болмауы.

Форвардтық келісімді жасау үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • Ауылшаруашылық тауарөндірушінің тіркеу туралы куәлігі;
  • Бірінші басшы мен бас бухгалтерді, қол қою құқығы бар адамдарды тағайындау және олардың жеке куәліктері туралы құжат;
  • Өтінімді ұсыну күнге міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша салық берешегінің жоқ екендігі туралы Мемлекеттік кіріс органдарынан анықтама;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес кредиторлық, дебиторлық берешектің туындау себебі мен күнін көрсете отырып, негізгі құралдардың толық жазылған алдыңғы есепті кезең (жыл, тоқсан, ай) үшін қаржылық есептілік;
  • Қол қою үлгілерінің, мөрлер бедерінің карточкасы;
  • Өтінімді ұсыну күніне жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
  • Кепілге берілетін мүліктің құқық белгілейтін құжаттары;
  • Кепілге қойылған мүлікті бағалау туралы есеп.

 

Қажет болған жағдайда СПК қосымша құжаттарды сұрай алады.

 

    Өтінімдер Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жіберу арқылы қабылданады.

 

Алғашқы кеңес алу үшін Түркістан қ., Жаңа қала мөлтек ауданы, 32 көше, 20 ғимарат, 4 этаж, 417 кабинетке хабарласуға болады. Жауапты қызметкер - Азық-түлік тұрақтандыру қоры бас менеджері Ж.Кадирбаев, байланыс нөмірі 8 702 710 30 00.