city

«Түркістан» ӘКК» АҚ ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 06 қыркүйектегі №181 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидалары»  аясында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі 11.05.2023 жылғы №166-НҚ бұйрығымен бекітілген ӘМАТ өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген қарыздар беруге өтінімдерді қабылдауды хабарлайды. Бекітілген өнімдер тізбесі:

  1. Көкөніс өнімдеріне (картоп, қырыққабат, пияз, сәбіз);
  2. Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді);
  3. Сүт өнімдеріне:

 - пастерленген сүт, майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамада;

- майлылығы 2,5% айран жұмсақ қаптамада;

- сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ);

- сүзбе:майлылығы 5-9%;

  1. Бакалей өнімдеріне (рожки, күнбағыс майы, тұз).

Өтінімдер Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жіберу арқылы қабылданады.

         Қарыз алу үшін өтінімде кәсіпкерлік субъектісінің деректерін, қарыз сомасын, өнімнің көлемі бойынша есепті, өткізу орындарын, өнім туралы ақпаратты, сатудың тіркелген бағаларын, өнімді өткізу мерзімін, қарызды (кепілді) қамтамасыз ету туралы мәліметтерді және т.б. көрсету қажет.

         Өтініммен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде жеңілдетілген қарыз беру үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсыну керек (тізбе қоса беріледі).

Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілерін Комиссия кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын мынадай талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес айқындайды:

  • кепілдікке қойылатын мүліктің немесе банк кепілдігінің болуы;
  • өтінімді қарау кезінде банкроттық немесе тарату сатысында болмауы;
  • өтінімді қарау кезінде жосықсыз өнім берушілер тізілімінде болмауы.

         Кәсіпкерлік субъектісіне қарыз беру туралы шешімді Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия қабылдайды.

         Алғашқы кеңес алу үшін Түркістан қ., Жаңа қала мөлтек ауданы, 32 көше, 20 ғимарат, 4 этаж, 417 кабинетке хабарласуға болады. Жауапты қызметкер - Азық-түлік тұрақтандыру қоры департамент директорының орынбасары Асильхан К.К., байланыс нөмірі 87475047399.

 

Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында мынадай бірыңғай талаптар (өлшемшарттар) белгіленеді:

      1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінен алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы;

      3) екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;

      4) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу, дайындық, тарату операцияларын орындауға арналған қойма үй-жайлары мен арнайы жабдығы бар үй-жайлардан тұратын инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешеннің болуы;

      5) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болмауы;

      6) мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың болмауы

 

Өтінім берушілердің қарыз беру мөлшері және олардың шарттары мамандандырылған ұйымның кепіл саясатына сәйкес кепіл өтімділігінің сомасынан аспайтын кепілмен қамтамасыз етуді беру кезінде айқындалады, банк кепілдіктерін беру кезінде қарыз мөлшері банк кепілдіктерінің сомасынан аспауға тиіс, міндеттемелерді қамтамасыз етудің дұрыстығын тексеру мамандандырылған ұйымға жүктеледі.

 

Маңызды!

Несие мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.