Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және реттеу жұмыстарының істеу тәртібін енгізу мақсатында «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік Корпорациясы» акционерлік қоғамы, кестеге сәйкес Кентау және Туркестан қалаларында орналасқан сауда павильондарына (әлеуметтік дүкендерге) комиссионерлерді (жалдаушыларды) анықтауға конкурс жариялағанын хабарлайды:
Лот № |
Сауда павильонының (әлеуметтік дүкеннің) орналасқан жері |
Сауда павильоны (әлеуметтік дүкен) № |
Сауда павильонының (әлеуметтік дүкеннің) көлемі |
1 |
Кентау қ., Т. Рысқұлов көш. 111 |
№ 29 |
24 ш.м. |
2 |
Түркістан қ., Т. Рысқұлов көш. 11 |
№ 15 |
Әлеуметтік дүкеннің нысаналы мақсаты: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру;
Сауда павильонын мүліктік жалға беру мерзімі 1 жыл;
Сауда павильонын мүліктік жалға беру шарттары: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шеңберінде Қоғамның азық-түлік тауарларын өткізу.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 1-қосымшаға сәйкес 2024 жылдың 30 қыркүйектен 21 қазан аралығында (жұмыс күндері 09:00-ден 19:00-ге дейін) Түркістан қаласы, Жаңа қала, 32 көше, 20 ғимарат, 4 қабат мекенжайы бойынша қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- 1-қосымшаға сәйкес мүлікті жалға беруге арналған сауда павильонын ұсынуға арналған өтініш нысаны;
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмесі, жеке тұлға үшін - кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу құжатының көшірмесі, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) - консорциум келісімінің көшірмесі;
- кәсіпкерлік жүргізуші субъектінің жеке күәлігінің көшірмесі;
- кәсіпкерлік қызметке қаражаттың бар екендігі туралы банктің белгісі бар жеке ағымдағы шоттың құжаты;
- кәсіпкерлік жүргізуші субъектінің салық қарызының жоқтығы туралы анықтама.
Қосымша:
- өкілдің сенімхатын растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
- презентацияның немесе бизнес-жоспардың болуы (бар болса);
- сауда павильондарының одан әрі жұмыс істеуі үшін қаржылық ресурстардың болуы (анықтама);
- анықтаманың болуы (көп балалы аналар, жалғызбасты аналар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, III топтағы мүгедектер)
Қызықтырған барлық сұрақтар бойынша «Түркістан» ӘКК» АҚ-на хабарласыңыз. Байланыс телефоны: 8-747-504-73-99
1 қосымша
Мүлікті жалға беруге арналған сауда павильонын ұсынуға арналған өтініш нысаны
«Түркістан» ӘКК» АҚ-ның
басқарма төрағасына
_______________________
(Компанияның атауы)
БИН (ЖСН)______________
________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
_______________(қолы)
Күні ___________________