city

 

«Түркістан» ӘКК» АҚ ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидалары»  аясында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі 11.05.2023 жылғы №166-НҚ бұйрығымен бекітілген ӘМАТ-ның өнімдер тізбесінің 2 түріне бағаларды тұрақтандыру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген қарыздар беруге өтінімдерді қабылдауды хабарлайды. Бекітілген өнімдер тізбесі:

1

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

2

Тауық жұмыртқасы (I санат)

3

Бірінші сортты ұннан ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

4

Сүт өнімдеріне:

- пастерленген сүт, майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамада;

- майлылығы 2,5% айран жұмсақ қаптамада;

- сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ);

- сүзбе:майлылығы 5-9%

            Өтінімдер Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жіберу арқылы қабылданады.

         Қарыз алу үшін өтінімде кәсіпкерлік субъектісінің деректерін, қарыз сомасын, өнімнің көлемі бойынша есепті, өткізу орындарын, өнім туралы ақпаратты, сатудың тіркелген бағаларын, өнімді өткізу мерзімін, қарызды (кепілді) қамтамасыз ету туралы мәліметтерді және т.б. көрсету қажет.

         Өтініммен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде жеңілдетілген қарыз беру үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсыну керек (тізбе қоса беріледі).

Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілерін Комиссия кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын мынадай талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес айқындайды:

  • кепілдікке қойылатын мүліктің немесе банк кепілдігінің болуы;
  • өтінімді қарау кезінде банкроттық немесе тарату сатысында болмауы;
  • өтінімді қарау кезінде жосықсыз өнім берушілер тізілімінде болмауы.

         Кәсіпкерлік субъектісіне қарыз беру туралы шешімді Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия қабылдайды.

         Алғашқы кеңес алу үшін Түркістан қ., Жаңа қала мөлтек ауданы, 32 көше, 20 ғимарат, 4 этаж, 417 кабинетке хабарласуға болады. Жауапты қызметкер - Азық-түлік тұрақтандыру қоры департамент директорының орынбасары Асильхан К.К., байланыс нөмірі 87475047399.