city

Форумға еліміздің ірі инвесторлары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, әлеуетті кәсіпкерлер қатысты. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды форумның маңыздылығын атап өтті. Форум барысында келіссөздер мен тәжірибе алмасу жиындары өтіп, кәсіпкерлердің идеялары тыңдалды. Агросала табысын арттыру жолдары талқыланды. 

Форумда Түркістан облысы әкімдігі мен отандық және шетелдік инвесторлармен агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 257 млрд. теңгені құрайтын 10 келісім меморандумына қол қойылды. Айта кетсек, «Түркістан» ӘК» АҚ мен «Жаркент крахмал зауыты» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында «Жаркент крахмал зауыты» ЖШС Түркістан облысында крахмал зауытын салу жобасын жүзеге асыру ниетін білдірді.

Жоспарланған инвестиция көлемі шамамен 26 млрд теңгені құрайды.

Жоспарланған қуаттылық – жылына 100 мың тонна жүгері.

Жаңа жұмыс орындарының жоспарлы саны 500-ге жуық адамды құрайды.