city

Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалдының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік дүкендердің санын арттыру бойынша хаттамалық тапсырмасына сәйкес «Түркістан ӘКК» АҚ»-ның атына әлеуметтік дүкен орнату үшін әрқайсысы 50 шаршы метрді құрайтын 10 жер учаскесі берілді. Жер телімдері кәсіпкерлерге байқау негізінде берілетін болады.

 Жеке кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен  әлеуметтік дүкендер салу үшін ұйымдастырылған байқаудан "NATURAL MILK PRODUCTION" АШӨК және "Туран агро ет-сут" АШӨК жеңімпаз болып анықталды.

Бүгінгі таңда Отырар шағын ауданында, Арман ТК жанында, Түркістан қаласында 19 АМӨЗ іске асыру үшін ауданы 50 ш.м. пилоттық әлеуметтік дүкен ашылды.  Бұл дүкен алдағы уақытта қаламыздың тұрғындарын сапалы әрі белгіленген бағада азық-түлік өнімдерін сатып алуына өз септігін тигізері сөзсіз.

Әлеуметтік дүкеннің өзге азық-түлік дүкендерінен  ерекшелігі - халық күнделікті бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік өнімдерін төмен әрі белгіленген бағада ұсынуы.

Қазіргі уақытта 9 әлеуметтік дүкен салынуда. Алдағы уақытта Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендерді 50-ге дейін ұлғайту жоспарлануда.