Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және реттеу жұмыстарының істеу тәртібін енгізу мақсатында «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік Корпорациясы» акционерлік қоғамы, Түркістан қаласында Бекзат ықшам ауданы, Самал көшесі, №2 әлеуметтік дүкен, 24м2 аумағында орналасқан сауда павильондарына (әлеуметтік дүкендерге) комиссионерлерді (жалдаушыларды) анықтауға конкурс жариялағанын хабарлайды.
Әлеуметтік дүкеннің нысаналы мақсаты: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру;
Сауда павильонын мүліктік жалға беру мерзімі 1 жыл;
Сауда павильонын мүліктік жалға беру шарттары: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шеңберінде Қоғамның азық-түлік тауарларын өткізу.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 1-қосымшаға сәйкес 2022 жылдың 15 наурыздан 31 наурыз аралығында (жұмыс күндері 09:00-ден 19:00-ге дейін) Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы 34А мекенжайы бойынша қабылданады.
Қызықтырған барлық сұрақтар бойынша «Түркістан» ӘКК» АҚ-на хабарласыңыз. Байланыс телефоны: 8-778-470-55-71