city

Түркістан қаласында шаһарға ерекше көрік беретін ауқымды жобалардың құрылысы жалғасуда. Солардың бірі де бірегейі - «Керуен-сарай» кешені. Түркістаның жаңа көрікті аумағы Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлем халқы мен туристерін тарту ошағына айналуға тиіс.

 

Жоспар бойынша бірегей кешен көне заманның ежелгі сауда алаңдарын еске түсіретін үлкен шығыс үлгісіндегі гранд-базарға айналады. «Керуен-сарай» аумағында қонақүйлер, кинотеатрлар, мейрамханалар, тарихи-сауда көшесі мен жасанды көлмен қатар, кешенге жақын жерде «Keruen Sarai» ТК орналасады.

 

Тұрғын үй кешенінің көрінісі негізгі кешен мен көне қала орталығының жалпы келбетіне сәйкес, ежелгі қаланың рухын, қайталанбас үлгісі мен бірегей сәулетін сақтайды. Шаттыққа толы шаңырақ - аптап ыстықта жанға жайлылық сыйлайтын жасыл оазис пен серуендеу саяжолдарын және Түркістанның рухани орталығының таңғажайып көрінісін үйлестірген.

 

* Барлық қосымша ақпаратты Сіз «Shanyraq» сату кеңсесінен ала аласыз: Түркістан қ., Жолбарыс Хан к-сі, 6А (Ұлы дала орталығы жағынан Hampton қонақ үйінің ғимараты) және келесі нөмірлер бойынша + 7 775 000 61 61, + 7 775 009 61 61.