city

ҚҰРМЕТТІ ИНВЕСТОРЛАР!

Түркістан облысы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Аймақ аумағы 116,1 мың км2 құрайды. Облысқа 2 млн.астам адам тұратын, облыстық маңызы бар 3 қала, 13 аудан, 836 елді мекен, 177 кенттік және ауылдық округ кіреді.

Өңірдің негізгі артықшылықтары: тиімді географиялық орналасуы, және логистика потенциалы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің болуы, бай табиғи ресурстары, адами капиталы және еңбекке ақы төлеу шығындарының төмендігі, сондай-ақ АӨК және туризмді дамытудың жоғары әлеуеті болып табылады.

Түркістан тарихи туризмнің алтын бесігі бола отырып, отандық және шетелдік туристер арасында өте танымал.

Көне заманнан бастап рухани астана болып саналған Түркістан жылына миллионнан астам туристерді қабылдай алады.

Сіздерді агроөнеркәсіптік кешені құрылыс, туризм және логистика салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамыз.

Құрметпен,

Басқарма Төрағасы

Ф. Байдуллаев